Әлеуметтік статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 48 бұйрығымен 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп (коды 1291104, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық)» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 1291104, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Техникалық және кәсіптік білім беру туралы есеп» (коды 1301104, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Техникалық және кәсіптік білім беру туралы есеп» (коды 1301104, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Жоғары оқу орнының есебі» (коды 1311104, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Жоғары оқу орнының есебі» (коды 1311104, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;